Шағын комплектілі мектептегі ІТ-сыныбы » «№76 Рысбек Мырзашев атындағы негiзгi орта мектеп» КММ
Шымкент қаласының білім басқармасының
«Рысбек Мырзашев атындағы №76 негізгі орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (7252) 50-58-99
Есепші бөлімі:
+7(701) 181-28-50
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Шағын комплектілі мектептегі ІТ-сыныбы
02
наурыз
2019

Шағын комплектілі мектептегі ІТ-сыныбы

Шағын елді мекендердегі балалардың білім сапасын Назарбаев зияткерлік мектебінің деңгейіне көтеру мәселесі облысымызда оңды шешімін тауып отыр. Көктемнің алғашқы күні Ұлан ауданы, Ново-Одесск ауылындағы Базылбек Ахметов атындағы шағын комплектілі мектебінің оқушыларына көптен күткен қуанышты сыйлады. Білім ошағында ІТ-сыныбы ашылып, енді 3-11 сынып аралығындағы оқушылар компьютерлік модельдеу мен бағдарламалауды еркін меңгеретін болды.
Бұл акция Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасының және «Менің мектебім» аймақтық жобасының шеңберінде жүзеге асты. Өткен жылы облыста барлық 277 толық комплектілі мектеп Назарбаев зияткерлік мектебінің стандартына сайпәндік кабинеттермен жабдықталып, робот техникасы және ІТ-сыныптары ашылған болатын.
Енді ауыл мектептерін жабдықтауға көңіл бөлінбек.
Облыстағы шағын мектептерде 378 ІТ-сыныбын ашып, 500 актив-панельдерін орнату жоспарланған. Бұл интерактивті тақталар балаларымызды жаратылыстану ғылымы пәндерін соңғы жаңа цифрлық технологиялар форматында оқуға мүмкіндік береді. Осы мақсатқа облыс бюджетінен 890 млн. теңге қаржы бөлініп отыр. Қазірдің өзінде 3900 жаңа компьютер сатып алынып, білім шаңырақтарына жеткізілуде. Оқушыларға ІТ-технология саласында сапалы білім беру үшін өңірде 573 мұғалім Семей электротехникалық колледжінде жедел оқыту курстарын бітіріп, сертификат алып шықты.
– Шалғайдағы ауылдағы болсын, Астана немесе Алматы қалаларындағы мектеп болсын, барлық оқушылар үшін бірдей жағдайлар жасалып, сапалы білім алуына біркелкі мүмкіндік беру керек. Бүгінгі таңда мемлекеттік білім беру стандарты Назарбаев зияткерлік мектебінің деңгейіне көтеріліп келеді.
Балалардың да қызығушылық танытатындары байқалып тұр. Олар болашақтарын инженерия, архитектура, техникалық сала мамандықтарымен байланыстырады. Еліміздің, өңірдің келешегі осы жеткіншектердің қолында. Барлық мұғалімдер әдістемелік құралдармен, бағдарламалармен қамтамасыз етілген, – деді аталмыш мектепте ІТ-сыныбының ашылуы салтанатында облыс әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова.
Руслан Мұқашев пен Асхат Урокпаев биыл осы мектепті бітіреді. Екеуі де компьютерлік 3D модельдеуді асқан қызығушылықпен меңгеруде. Руслан үйге барғанда да компьютерлік бағдарламалауды жалғастырады екен. Ол болашағын ІТ-технология саласымен байланыстыру жөнінде шешім қабылдапты.
Ал Асхат Урокпаев келешекте хирург болуды армандайды.
-Қазір цифрлық технология барлық салада кеңінен қолданылады. Мен дәрігер мамандығын таңдағаныммен, ІТ-технологиялар медицинада да кәдеме жарайтынына сенімдімін. Елбасымыз болашақ жастардың қолында деп үнемі айтып отырады. Демек, біз еліміздің ертеңі үшін қызмет істеуіміз керек. Бізге осындай тамаша сынып жабдықтап бергендеріңіз үшін алғысымыз шексіз, – дейді Асхат.
Информатика пәнінің мұғалімі Жангүл Ермекова осы мектептің түлегі екен, үш жылдан бері осында сабақ береді. Семей электротехникалық колледжінде жедел курста оқып келген мұғалімдердің бірі:
-Балалардың өте қуанышты екенін балбұл жанған жүздерінен көрем. Қазір 3D модельдеуді жас ерекшеліктеріне қарай меңгеріп жүр, – дейді Жангүл – Төменгі сынып оқушылары әзірге үйлерді, көпірлерді құрастырса, жоғарғы сыныптағылар бір заттан мүлде басқа затты модельдей алады. Компьютерлік бағдарлаудың мүмкіндіктері өте көп. Мысалы, сферадан кәсе, стақан жасайды, оны суға толтырып қоюға, бетін жабуға болады деген сияқты.
Мектеп директоры Гүлмия Қабдырахманованың айтуынша, шағын комплектілі мектепте 151 бала оқыса, оның 97-і қазақ тілінде білім алады. Ал облыс бойынша шағын мектептердегі балалардың саны 25 мыңнан асады.
Айна Ескенқызы

Похожие публикации:

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив