Мектеп оқушыларының міндеттері » «№76 Рысбек Мырзашев атындағы негiзгi орта мектеп» КММ
Шымкент қаласының білім басқармасының
«Рысбек Мырзашев атындағы №76 негізгі орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (7252) 50-58-99
Есепші бөлімі:
+7(701) 181-28-50
Нашар көрушілер
нұсқасы
19
қазан
2019

Мектеп оқушыларының міндеттері

Мектеп оқушыларының міндеттері.

 1. Әр оқушы өз бойына Қазақстан Республикасының жас азаматының жоғары адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға; 

2. Сабаққа кешікпеуге, сабақтан себепсіз қалмауға;

 3. Мектеп формасын сақтауға, сабаққа қажетті оқу-құралдарды толық әкелуге; 

4. Өз ауысымының басталуына 15 минут қалғанда мектепте болуға;

 5. Өрт қауіпсіздігі, жол ережелері және өмір қауіпсіздігін сақтауға; 

6. Табиғатқа нұқсан келтірмей, қамқор болуға;

 7. Мектептің күнделікті ішкі тәртіп ережесін бұзбауға; 

8. Мектеп мүлкін бұзбауға;

 9. Сыныптастарына, жасы кішілерге күш қолданбауға, әлімжеттілік жасауға, адамның ар-намысын қорламауға; 

10. Кешкі сағат 22:00-ден кейін ойын-сауық орталықтарына, сағат 23:00-ден кейін үй ауласынан тыс жерге қараусыз бармауға;

 11. Өзінің Қазақстан Республикасында тыйым салынған діндер мен діни ағымдар өкілдерімен кездесуіне, сұхбат құруына, үгіт-насихат кітаптарымен парақшаларын алуына, оқуына және таратуына қатаң тыйым салуға; 

12. Сабақ уақтысында ұялы телефон, смартфон, планшет пайдаланбауға;

 13. Мектепке нашақорлық тұрғыдағы заттарды (темекі, насыбай, есірткі заттар) әкелмеуге пайдаланбауға;

 14. Мектепке өткір, үшкір, суық қаруларды (пышақ, қанжар, костет т.б), ату құралдарын (мылтық, пистолет, газбаллондар, электрошокер т.б) әкелмеуге және пайдаланбауға;

 15. Мектептің ішінде ұлтаралық, рулық, жершілдік мәселелерді қозғамауға, өзгені кемсітпеуге;

 16. Мектепке аса құнды әшекей заттар мен бұйымдарды (сақина, сырға, білезік, моншақ т.б) әкелмеуге және пайдаланбауға; 

17. Мектепке діни тұрғыдағы заттар мен бұйымдарды (крест, тәспі, айшық, діни әдебиеттер, аудио және бейне таспалар т.б) және киімдерді (хиджаб, некап, паранжа, ряса, митра, ермолка т.б) әкелмеуге, пайдаланбауға, басқа адамдарға, соның ішінде тәрбие алушыларға насихаттамауға;

 18. ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы   орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту туралы №26 бұйрығының 2-тармағының 13-тармақшасында «Мектеп формасына түрлі конфессияларға қатысты киім элементтерін қосуға болмайды. Орта білім беру ұйымында кез-келген діни конфессияға қатынасын білдіретін діни киімдерді (хиджаб, никаб, бурка, паранжа, сикх тюрбандары және иудей кипа-бас киімдері және т.б.) және кез-келген діни атрибутикаларды (белгілерді) киюге тыйым салынған», осы бұйрықты оқушылар орындауға міндетті; 

19. Мектепте міндетті мектеп формасы оқытудың зайырлы сипатына сәйкес келеді. Мектеп формасының үлгісі, түсі классикалық стильде, бірыңғай түс гаммасында жасалады, үшеуден асырмай түстерді араластыруға рұқсат етіледі. Мектеп формасының түсі қалыпты және ашық емес түстерден таңдалады. 

 20. Мектеп формасы білім алушылардың жас ерекшеліктеріне қарай енгізіледі.

 21. Мектеп оқушылары мектеп қабырғасында шаш үлгілері мектеп оқушыларына сай үлгіде болуы тиіс;  Ұлдардың мектеп формасы: ұл балалардың мектеп формасы белгіленген түсті пиджак, жилет, шалбар, ақ көйлек киюге міндетті;мектеп ішінде бастарына әртүрлі үлгідегі бас киімдер кепка, тақия, бөрік т.с.с. бас киімдер киіп жүруге тыйым салынсын;ұлдарға арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұруы тиіс; Қыздардың  мектеп формасы: қыз балалардың мектеп формасы келісілген түстегі пиджак, жилет, юбка, ақ көйлек, ақ бантик;мектеп ішінде бастарына әртүрлі үлгідегі бас киімдер орамал, кимешек, т.с.с. бас киімдер киіп жүруге тыйым салынсын;қыз балалар бас киімсіз шаштарына ақ бантик тағып жүру қажет;қыздарға арналған юбкалар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тізені жауып тұруы тиіс; 

22. ұлдар мен қыздарға арналған спорттық форма спорттық костюмнен,  спорттық шалбардан, футболкадан, спортық аяқ киім (кроссовка, кеда) киюге міндетті.   

     23. Мектептің ішкі тәртіп ережесіне бағынуға міндетті. Үзіліс кезіндегі оқушының міндеті 

 1. Өзінің жұмыс орнын тәртіпке келтіру, тазарту 

2. Үзіліс кезінде оқушыларға әкімшіліктің сынып жетекшілердің рұқсатынсыз мектеп ауласына шығуға болмайды 

3. Оқушылар үзілісте кабинеттерді желдетуге мүмкіндік жасап дәлізге шығулары тиіс. 

4. Кезекші сынып кезекші мұғалімге үзіліс кезінде тәртіпке көмектеседі. 

5. Оқушылар баспалдақта өте мұқият болулары тиіс (баспалдақта жүгіруге, ойындар ұйымдастыруға, топталып тұруға тыйым салынады) 

6. Оқушылар әжетхананы ұқыпты, таза, жеке бастың тазалығын сақтай отырып пайдаланулары қажет.  

Сабақ кезіндегі тәртіп 

1. Сабақта оқушының, мұғалімнің сыртқы киіммен отыруына тыйым салынады.

 2.  Сабаққа ата-аналар, бөгде адамдар мектеп директорының рұқсатымен жіберіледі.

 3. Мектепке өткір, үшкір, кесетін, иісі жағымсыз және басқа да қауіпті, сабаққа қатысы жоқ заттарды әкелуге тыйым салынады.

  4. Мектеп ауданында темекі шегуге, балағат сөздер айтуға, шекілдеуік шағуға, құмар ойындарды ойнауға, сабақта –плеер тыңдауға, ұялы телефон қолдануға, кез келген мәселені,қарым-қатынасты күшпен және тіл тигізіп, қорлау арқылы шешуге тыйым салынады. 

5. Оқушылар сабаққа кешікпеуі тиіс.

 6. Оқушы сабақтан өз еркімен шыға алмайды, тек жедел жағдайда мұғалімнің рұқсатымен шығуға мүмкіндік алады. 

7. Дене тәрбиесі сабағынан босатылған оқушылар міндетті түрде сабақта отырулары қажет.

 8. Сабақ уақытында дәлізде жүруге қатаң тыйым салынады. 

9. Ауыздағы сағыз – мәдениетсіздіктің белгісі, мектепте сағыз шайнауға болмайды.  

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив