«Оқу. Даму. Сабақтағы геймификация артықшылықтары» » «№76 Рысбек Мырзашев атындағы негiзгi орта мектеп» КММ
Шымкент қаласының білім басқармасының
«Рысбек Мырзашев атындағы №76 негізгі орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (7252) 50-58-99
Есепші бөлімі:
+7(701) 181-28-50
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Оқу. Даму. Сабақтағы геймификация артықшылықтары»
05
сәуір
2023

«Оқу. Даму. Сабақтағы геймификация артықшылықтары»

05 сәуір 2023 жыл күні  Р.Мырзашев атындағы №76 негізгі орта мектебінде  «Сапалы білім жобасы аясында «Оқу. Даму. Сабақтағы геймификация артықшылықтары» тақырыбында қалалық әдістемелік семинар өтті. Семинарды өткізудегі мақсатымыз білім сапасын арттыру іс –шара жоспарын жүзеге асыру, білім алушылармен сабақ барысында жүргізілетін оқу-даму геймификация артықшылықтарын көрсету , іс-тәжірибемен бөлісу. Бүгін мектепте бастауыш сыныптар, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі, математика, тарих, химия, биология, педагог-психологтар мен кітапханшылар өз  тәжірибесін таратты. Өтілген сабақтардың барлығында сабақтағы ойын элементтері арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін, оқу мотивациясын жоғарылату, ойын арқылы оқушылардың дағдысы мен икемін қалыптастыру және өздігінен білімді іздестіруге жағдай жасау. 
Ойын үлгісінің технологиясы арқылы оқушылардың белсенділіктерін, мәдениетін арттыру, «Akelius languages» қосымшасын                пайдаланудағы іс-тәжірибесімен бөлісу.
Күтілетін нәтиже 
Қозғалыс функциясы қолданылады, мұнда қатысушылар өздерін зерттеп, не істей алатынын ашу үшін қабілеттерін пайдаланады. Дамытады. Олар басқа оқушылармен қалай қарым -қатынас жасау керектігін біледі және қарым- қатынаста өз белсенділіктерін арттырады. Туындаған мәселелерді қалай талдайтынын біледі. Кез келген жағдайлардан шығу үшін дұрыс шешім қабылдауға дағдыланады. Ойын мәдениеті қалыптасады.
 Семинар барысында күткен нәтиже мен мақсатқа жете алды, семинар  өте жоғары деңгейде өтті. Семинар қорытындысында семинарға қатысушылар кері байланыс беріп, жылы лебіздерін білдірді. Мектеп басшысы А.Ж.Тажен мен ұйымдастырушыларға , мектеп ұжымына алғысымызды білдіре отырып алдағы уақытқа сәттілік тілейміз.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив