ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР ЖӘНЕ МЕКТЕП БІТІРУШІ ТҮЛЕКТЕР! » «№76 Рысбек Мырзашев атындағы негiзгi орта мектеп» КММ
Шымкент қаласының білім басқармасының
«Рысбек Мырзашев атындағы №76 негізгі орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (7252) 50-58-99
Есепші бөлімі:
+7(701) 181-28-50
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР ЖӘНЕ МЕКТЕП БІТІРУШІ ТҮЛЕКТЕР!
24
сәуір
2023

ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР ЖӘНЕ МЕКТЕП БІТІРУШІ ТҮЛЕКТЕР!

ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР ЖӘНЕ МЕКТЕП БІТІРУШІ ТҮЛЕКТЕР! 
      Р.Мырзашев атындағы №76 негізгі орта мектебінде 2023 жылы  7 мамыр, 9 мамыр мерекелері және соңғы қоңыраудың өткізілу тәртібі бойынша, ата-ана және оқушы тарапынан ақша жинауға, қымбат көліктерде серуендеуге, табиғатқа  саяхатқа шығуға қатаң тыйым салынатындығын ескертемін! 
      Қазіргі таңдағы өзекті мәселенің бірі-сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және болдырмау мақсатында: 
 📌мектепке бітіруші түлек ретінде 4 және 9 сынып жетекшілеріне  сыйлық бермеу;
  📌мектеп әкімшілігіне, сынып жетекшілерге, пән мұғалімдеріне қымбат әшекейлер мен сыйлықтар беруге тыйым салу;
  📌бірыңғай мектеп формасын кию;
  📌 соңғы қоңырауда көлікте серуендеуге тыйым салу;
  📌 кафеде отырыс жасау, тауға саяхат жасау сияқты ақша  жиналатын және құқықбұзушылық орын алатын фактілерді болдырмау  керек.
       Емтихан  кезінде ақша жинамау, дастархан жаймау керектігін ескертемін!
       Жоғарыда аталған жайттарды ескере отырып, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының талаптарын орындау мақсатында түрлі себептермен ата-аналардан ақша жинауға ҚАТАҢ ТЫЙЫМ САЛЫНАТЫНЫН ХАБАРЛАЙМЫН!
       Оқушылардың сабақтан себепсіз қалмауы, сабаққа кешікпей келмеуі, оқушылардың әрбір жеткен жетістігі – ұстаз үшін ең қымбат СЫЙ деп білеміз.
Р.Мырзашев атындағы №76 негізгі орта мектеп директоры:  Тажен Абдихалик Жаксылыкулы
Байланыс телефоны:  +7 707 172 21 64
#bilim_jane_gylym
#КОПД
#Шымкент_қаласы_білім_басқармасы
#шымкент_сыбайлас_жемқорлық
#shymkenttarbye
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив