«МЕКТЕБІМ-МЕЙІРІМ МЕКЕНІ» » «№76 Рысбек Мырзашев атындағы негiзгi орта мектеп» КММ
Шымкент қаласының білім басқармасының
«Рысбек Мырзашев атындағы №76 негізгі орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (7252) 50-58-99
Есепші бөлімі:
+7(701) 181-28-50
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
қыркүйек
2023

«МЕКТЕБІМ-МЕЙІРІМ МЕКЕНІ»

«МЕКТЕБІМ-МЕЙІРІМ МЕКЕНІ» 
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Р.Мырзашев атындағы №76 негізгі орта мектебінде Қазақстан  Республикасы  Оқу – ағарту министрлігінің  25.08.2023 жылғы  №5–04–02/5121–И  шығыс  хатын  басшылыққа  ала  отырып,  «МЕКТЕБІМ – МЕЙІРІМ МЕКЕНІ” тақырыбында салтанатты  жиын  болып өтті. 
Алғашқы сөзді мектебіміздің директоры Тажен Абдихалик Жаксылыкулы мектеп ұстаздары мен шәкірттері үшін жаңа оқу жылының табысты болуына, сондай-ақ алғаш мектеп табалдырығын аттап отырған 1 сынып оқушыларына білімнің асқар шыңын бағындыруына тілектестігін білдірді. Мерекелік іс-шараға мектебіміздің Қамқоршылық кеңесінің мүшесі Бағдагүл Оразқызы мен аналар мектебінің төрағасы Аймереке Оспанова апайларымыз келіп мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндерге жүрек жарды ыстық лебіздерін білдірді. 
Сонымен қатар, іс-шарада оқушылар өз өнерлерін ортаға салды.
 2023-2024 оқу жылының алғашқы қоңырауы да  соғылды. 
"Білім күні" 1-9 сынып оқушыларына  білім алушылармен бірге білімге ұмтылу, отаншылдық, еңбексүйгіштік құндылықтарының адам өміріндегі рөлін талқылау  мақсатында  "Мектебім-мейірім мекені» тақырыбында сынып сағаттарымен жалғасын тапты.
#қосымшабілімшым 
#әдістемешымкентәдістемелікорталық
#тәрбиешымкентәдістемелікорталық
#өзінөзібасқару_шымкент
#bilim_quni
#шымкент_тәрбие_әдістемелікорталық
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив