Жалпы ереже » «№76 Рысбек Мырзашев атындағы негiзгi орта мектеп» КММ
Шымкент қаласының білім басқармасының
«Основная средняя школа №76 имени Рысбека Мырзашева»
Управления образования города Шымкент
Приемная
+7 (7252) 50-58-99
Бухгалтерия
+7(701) 181-28-50
Версия для
слабовидящих
15
октябрь
2019

Жалпы ереже

Шымкент қаласы Рысбек Мырзашев  атындағы №76 негізгі орта мектеп-  Управления образования города Шымкент нің

ІШКІ ТӘРТІП ЕРЕЖЕСІ

І. Жалпы ережелер

1. Шымкент қаласы «Р. Мырзашев атындағы №76 негізгі орта мектеп» Управления образования города Шымкент нің ішкі тәртіп Ережесі (ары қарай Ереже) Қазақстан Республикасының Конституциясы, Еңбек Кодексі, Қазақстан Республикасы азаматтық кодексі, ҚР «Білім туралы», «Неке және отбасы туралы», «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы Заңдары мен басқа да заңдылықтары және «Р. Мырзашев атындағы №76 негізгі орта мектеп» Управления образования города Шымкент нің  жарғысы талаптарына сәйкес жасалынған. 

2. Ереже «Р. Мырзашев атындағы №76 негізгі орта мектеп» Управления образования города Шымкент нде жүзеге асырылатын білім мен тәрбие беру процесі барысында мектеп басшылығы мен мұғалімдердің, мектеп оқушылары мен олардың ата-аналарының Қазақстан Республикасының жоғарыда көрсетілген Заңдары мен басқа да заңдылықтары талаптарына сәйкес мектеп ішіндегі тәртіпке қатысты міндеттерін айқындайды және ол міндеттерінің орындалу жолдарын белгілейді. 

3. Осы Ереже проект «Р. Мырзашев атындағы №76 негізгі орта мектеп» Управления образования города Шымкент оқушыларының сыныптық жиналыстарында, сыныптық ата-аналар жиналыстарында, мектеп мұғалімдері жиналысында алдын-ала талқыланып, тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, мекеменің педагогикалық кеңесі мен жалпы мектептік ата-аналар комитетінің  және кәсіподақ комитетінің бірлескен отырысының шешімімен бекітілгендіктен, Ереже талаптары мектеп басшылығы мен мұғалімдері, мектеп оқушылары мен олардың ата-аналары үшін орындалуға міндетті болып табылады. 

4. Мектеп басшылығы мен мұғалімдері, оқушылар мен ата-аналары тарапынан Ереженің қандай да болсын талаптарының бұзылуы жоғарыда келтірілген Қазақстан Республикасының Заңдары мен басқа да заңдылықтары талаптарын бұзу болып табылады және заң бұзушылық ретінде шара қолдану үшін тиісті құзырлы мемлекеттік органдар қарауына ұсынылатын болады. 

5. Осы Ереже «Р. Мырзашев атындағы №76 негізгі орта мектеп» Управления образования города Шымкент нде жаңа ішкі тәртіп ережесі қабылданғанға дейін күшінде болады.

ІІ. Мектеп мұғалімдерінің міндеттері

Ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім мен тәрбие алу үшін қажетті жағдайлар жасауға;

Жеке адамның шығармашылық, рухани және күш қуат мүмкіндіктерін дамытуға, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыруға, даралықты дамыту үшін жағдай жасау арқылы ой-өрісін байытуға;

   Азаматтық пен патриотизмге, өз Отаны – Қазақстан Республикасында сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге, Конституцияға қайшы және қоғамға жат кез-келген көріністерге төзбеуге тәрбиелеуге;

Белсенді азаматтық ұстанымы бар жеке адамды тәрбиелеуге, республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өміріне қатысу қажеттігін, жеке адамның өз құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарасын қалыптастыруға;

Отандық және әлемдік мәдениеттің жетістіктеріне баулу, қазақ ұлтының тарихын, мәдениетін, әдет-ғұрпы мен дәстүрлерін зерделеуге, мемлекеттік тілді, басқа да тілдерді меңгеруге бейімдеуге;

Тиісті білім беру деңгейіндегі мемлекеттік жалпыға білім беру стандарт талаптары сақталған кезде педагогикалық қызметті ұйымдастырудың әдістері мен нысандарын еркін таңдауға, білім беру ұйымдарын басқарудың басқарудың алқалы органдарының жұмысына қатысуға;

Өзінің кәсіптік ар-намысы мен қадір қасиетін қорғауға;

Білім беру ұйымы әкімшілігінің бұйрықтары мен шешімдерін орындауға;

Мемлекеттік жалпыға білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес көрсетілген білім беру қызметтерінің сапасын көтеруге;

Білім алушыларды жоғары имандылық, ата-аналарына, этно-мәдени құндылықтарға құрмет көрсету рухында, қоршаған дүниеге ұқыпты қарауға тәрбиелеуге;

Білім алушылардың өмірлік дағдыларын, біліктіліктерін, өздігінен жұмыс істеу және шығармашылық қабілеттерін дамытуға.

Педагогтік әдеп нормаларын сақтауға;

Оқушылардың және олардың ата-аналарының абыройы мен қадір қасиетін құрметтеуге;

Мектептің ішкі тәртіп ережесі талаптарын мүлтіксіз орындауға және оқушылар мен ата-аналардан ішкі тәртіп ережесі талаптарын орындалуын талап етуге;

Мұғалім мен білім алушының ата-аналары арасындағы ынтымақтастықты педагогикалық талаптарға сәйкес қалыптастыруға және жүзеге асыруға;

 16. Мектепте іскерлік киім үлгісін ұстануға; 

17. Мектеп  ішінде ер мұғалімдерге әр ұлтқа тән тақия, бөрік, т.б. бас киімдер киюге тыйым салынады; 

18. Мектеп ішінде әйел мұғалімдерге әр ұлтқа тән орамал, кимешек, т.б. бас киімдер киюге тыйым салынады; 

19. Мектепке аса құнды әшекей заттар мен бұйымдарды (сақина, сырға, білезік, моншақ, т.б.) әкелмеуге және пайдаланбауға;

 20. Мектепке нашақорлық тұрғыдағы заттарды (темекі, насыбай, есірткі заттар, т.б.) әкелмеуге және пайдаланбауға, өзге адамдарға соның ішінде тәрбие алушыларға насихаттамауға; 

21. Мектептің ішінде ұлтаралық, рулық, жершілдік мәселелерді қозғамауға; 

22. Мектепке діни тұрғыдағы заттар мен бұйымдарды (крест, тәспі, айшық, діни әдебиеттер, аудио, аудио және бейне таспалар т.б.) әкелмеуге және діни тұрғыдағы киімдерді (хиджаб, никаб, паранжа, ряса, митра, ермолка, т.б.) кимеуге, пайдаланбауға, басқа адамдарға, соның ішінде тәрбие алушыларға насихаттамауға;

 23. Мектеп оқушыларының күнделікті сабаққа қатысуын бақылауға; 

24. Мектеп ішіндегі кезекшілік міндеттерін орындауға; 

25. Мінезі ауыр оқушылармен тұрақты жеке жұмыстарды ұйымдастыруға міндетті. 

ІІІ Ата-аналар міндеттері

1. Балаларға өмірі мен оқуы үшін салауатты және қауіпсіз жағдайлар жасауға, олардың ой-өрісі мен дене күшін дамытуға, азаматтық тұрғыда қалыптасуын қамтамасыз етуге, білім мен тәрбие сапасын жақсартуға үлес қосуға, баланың сабақтан тыс мезгілдегі тәртібін жеке жауапкершілікке алуға; 

2. Өздерінің қабілеттері және қаржылық мүмкіндіктері шегінде баланың дамуы үшін қажетті өмір сүру жағдайын қамтамасыз етуге міндетті(Бала құқықтары туралы Конвенциясының 27 бабының 2-тармақшасы); 

3. Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу ата-ананың етене құқығы әрі міндеті екенін мойындауға; (Қазақстан Республикасы Конституциясының 27-бабының 2-тармақшасы);

 4. «Баланы тәрбиелеуге, оны күтіп бағуды жүзеге асыруға, материалдық жағынан қолдауға, оның әл-ауқатына қамқорлық жасауға, тұрғын үймен қамтамасыз етуге»(Қазақстан Республикасы «Баланың құқықтары туралы» Заңының          24- бабының 2-тармақшасы); 

 5. Балаға алкогольді ішімдіктерді, темекіні және темекі бұйымдарын сатуға және пайдалануға тыйым салуға; (Қазақстан Республикасы «Балалар құқықтары туралы» Заңының 37- бабының 2-тармақшасы);

 6. Білім беру ұйымының жарғысында айқындалған қағидаларды орындауға міндетті (Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 49-бабының 2-тармағы,  3-тармақшасы);   

7. Балалардың оқу орнындағы сабаққа баруын қамтамасыз етуге міндетті(Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 49-бабының 2-тармағы,  4-тармақшасы); 

 8. Балаларының білім беру ұйымдарында белгіленген киім үлгісін сақтауға міндетті (Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 49-бабының        2-тармағы, 7-тармақшасы);

  9. Мектептен тыс уақытта баланың бос уақытын дұрыс ұйымдастыруға, күнделікті сабақтан кешіктірмей, толық қатыстыруға, сондай-ақ кешкі уақытта қараусыз қалдырмауға; 

10. Сабақ уақытында ұялы телефон, смартфон, планшет ұстатпауға; 

11. Күзгі, қысқы, көктемгі, жазғы демалыс күндерінде, мектептен тыс уақыттағы жол және өмір қауіпсіздігінің жауапкершілігін, тәртібін күнделікті қадағалауды өз қарауына алуға, балаға толық жауапкершілікті өз мойнына алуға;

 12. Баланың мектептен тыс мезгілде бейәдеп, теріс қылықтарына, өмірінің қауіпсіздігіне жеке жауапты екенін сезінуге;

 13. Осы аталған мәселелер орындалмаған жағдайда ата-аналық жауапкершілігіне және ата-аналық міндетіне лайық еместігін сезінуге; 

14. Баланың кешкі сағат 22:00-ден кейін ойын-сауық орталықтарына, сағат 23:00-ден кейін домауласынан тыс жерге қараусыз жібермеуге;

 15. Баланың көлік жүргізуіне тыйым салуға; 

16. Баланың өз бетімен балық аулауына, су жағасына, орман алаңына баруына тыйым салуға, өмір қауіпсіздігін сақтауға; 

17. Отбасындағы ұл-қыздың тәрбиесіне, (әсіресе қыз бала тәрбиесіне) қатты көңіл бөлуге; 

18. Балаларының мектепте нашақорлық тұрғыдағы заттарды (темекі, насыбай, есірткі заттар) әкелуіне, пайдалануына, өзге азаматтарға, оның ішінде, тәрбие алушыларға насихаттауына жол бермеуге;

    19. Балаларының мектепке өткір, үшкір, суық қаруларды (пышақ, қанжар, костет т.б), ату құралдарын (мылтық, пистолет, газбаллондар, электрошокер т.б) әкелуіне және пайдалануына жол бермеуге;

 20. Балаларының мектеп ішінде ұлтаралық, рулық, жершілдік мәселелерді қозғауына, өзгелерді кемсітуіне жол бермеуге;

 21. Балаларының мектепке аса құнды әшекей заттар мен бұйымдарды (сақина, сырға, білезік, моншақ т.б) әкелуіне және пайдалануына жол бермеуге; 

22. ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2016 жылғы 14 январьдағы орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту туралы №26 бұйрығының 2-тармағының 13-тармақшасында  «Мектеп формасына түрлі конфессияларға қатысты киім элементтерін қосуға болмайды. Орта білім беру ұйымында кез-келген діни конфессияға қатынасын білдіретін діни киімдерді (хиджаб, никаб, бурка, паранжа, сикх тюрбандары және иудей кипа-бас киімдері және т.б.) және кез-келген діни атрибутикаларды (белгілерді) киюге тыйым салынған», осы бұйрықты ата-аналар орындауға міндетті;

 23. Мектеп оқушылары мектеп қабырғасында шаш үлгілері мектеп оқушыларына сай үлгіде болуын қадағалауға;  ұл балалардың мектеп формасы қара көк түсті пиджак, жилет, шалбар, ақ көйлек киіп баруын қадағалауға;мектеп ішінде бастарына әртүрлі үлгідегі бас киімдер кепка, тақия, бөрік т.с.с. бас киімдер киіп сабаққа бармауын қадағалауға;ұлдарға арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұратын шалбар киіп сабаққа баруын қадағалауға;қыз балалардың мектеп формасы қара көк түсті пиджак, жилет, юбка, ақ көйлек, ақ бантикпен сабаққа баруын қадағалауға;мектеп ішінде бастарына әртүрлі үлгідегі бас киімдер орамал, кимешек, т.с.с. бас киімдер киіп сабаққа бармауын қадағалауға;қыз балалар сабаққа бас киімсіз шаштарына ақ бантик тағып баруға;қыздарға арналған юбкалар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тізені жауып тұратын болуын қадағалауға;ұлдар мен қыздарға арналған спорттық форма спорттық костюммен,  спорттық шалбармен, футболкамен, споттық аяқ киіммен (кроссовка, кеда) дене шынықтыру сабағына баруын қадағалауға.

ІV Мектеп оқушыларының міндеттері.

 1. Әр оқушы өз бойына Қазақстан Республикасының жас азаматының жоғары адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға; 

2. Сабаққа кешікпеуге, сабақтан себепсіз қалмауға;

 3. Мектеп формасын сақтауға, сабаққа қажетті оқу-құралдарды толық әкелуге; 

4. Өз ауысымының басталуына 15 минут қалғанда мектепте болуға;

 5. Өрт қауіпсіздігі, жол ережелері және өмір қауіпсіздігін сақтауға; 

6. Табиғатқа нұқсан келтірмей, қамқор болуға;

 7. Мектептің күнделікті ішкі тәртіп ережесін бұзбауға; 

8. Мектеп мүлкін бұзбауға;

 9. Сыныптастарына, жасы кішілерге күш қолданбауға, әлімжеттілік жасауға, адамның ар-намысын қорламауға; 

10. Кешкі сағат 22:00-ден кейін ойын-сауық орталықтарына, сағат 23:00-ден кейін домауласынан тыс жерге қараусыз бармауға;

 11. Өзінің Қазақстан Республикасында тыйым салынған діндер мен діни ағымдар өкілдерімен кездесуіне, сұхбат құруына, үгіт-насихат кітаптарымен парақшаларын алуына, оқуына және таратуына қатаң тыйым салуға; 

12. Сабақ уақтысында ұялы телефон, смартфон, планшет пайдаланбауға;

 13. Мектепке нашақорлық тұрғыдағы заттарды (темекі, насыбай, есірткі заттар) әкелмеуге пайдаланбауға;

 14. Мектепке өткір, үшкір, суық қаруларды (пышақ, қанжар, костет т.б), ату құралдарын (мылтық, пистолет, газбаллондар, электрошокер т.б) әкелмеуге және пайдаланбауға;

 15. Мектептің ішінде ұлтаралық, рулық, жершілдік мәселелерді қозғамауға, өзгені кемсітпеуге;

 16. Мектепке аса құнды әшекей заттар мен бұйымдарды (сақина, сырға, білезік, моншақ т.б) әкелмеуге және пайдаланбауға; 

17. Мектепке діни тұрғыдағы заттар мен бұйымдарды (крест, тәспі, айшық, діни әдебиеттер, аудио және бейне таспалар т.б) және киімдерді (хиджаб, некап, паранжа, ряса, митра, ермолка т.б) әкелмеуге, пайдаланбауға, басқа адамдарға, соның ішінде тәрбие алушыларға насихаттамауға;

 18. ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2016 жылғы 14 январьдағы   орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту туралы №26 бұйрығының 2-тармағының 13-тармақшасында «Мектеп формасына түрлі конфессияларға қатысты киім элементтерін қосуға болмайды. Орта білім беру ұйымында кез-келген діни конфессияға қатынасын білдіретін діни киімдерді (хиджаб, никаб, бурка, паранжа, сикх тюрбандары және иудей кипа-бас киімдері және т.б.) және кез-келген діни атрибутикаларды (белгілерді) киюге тыйым салынған», осы бұйрықты оқушылар орындауға міндетті; 

19. Мектепте міндетті мектеп формасы оқытудың зайырлы сипатына сәйкес келеді. Мектеп формасының үлгісі, түсі классикалық стильде, бірыңғай түс гаммасында жасалады, үшеуден асырмай түстерді араластыруға рұқсат етіледі. Мектеп формасының түсі қалыпты және ашық емес түстерден таңдалады. 

 20. Мектеп формасы білім алушылардың жас ерекшеліктеріне қарай енгізіледі.

 21. Мектеп оқушылары мектеп қабырғасында шаш үлгілері мектеп оқушыларына сай үлгіде болуы тиіс;  Ұлдардың мектеп формасы: ұл балалардың мектеп формасы белгіленген түсті пиджак, жилет, шалбар, ақ көйлек киюге міндетті;мектеп ішінде бастарына әртүрлі үлгідегі бас киімдер кепка, тақия, бөрік т.с.с. бас киімдер киіп жүруге тыйым салынсын;ұлдарға арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұруы тиіс; Қыздардың  мектеп формасы: қыз балалардың мектеп формасы келісілген түстегі пиджак, жилет, юбка, ақ көйлек, ақ бантик;мектеп ішінде бастарына әртүрлі үлгідегі бас киімдер орамал, кимешек, т.с.с. бас киімдер киіп жүруге тыйым салынсын;қыз балалар бас киімсіз шаштарына ақ бантик тағып жүру қажет;қыздарға арналған юбкалар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тізені жауып тұруы тиіс; 

22. ұлдар мен қыздарға арналған спорттық форма спорттық костюмнен,  спорттық шалбардан, футболкадан, спортық аяқ киім (кроссовка, кеда) киюге міндетті.   

     23. Мектептің ішкі тәртіп ережесіне бағынуға міндетті. Үзіліс кезіндегі оқушының міндеті 

 1. Өзінің жұмыс орнын тәртіпке келтіру, тазарту 

2. Үзіліс кезінде оқушыларға әкімшіліктің сынып жетекшілердің рұқсатынсыз мектеп ауласына шығуға болмайды 

3. Оқушылар үзілісте кабинеттерді желдетуге мүмкіндік жасап дәлізге шығулары тиіс. 

4. Кезекші сынып кезекші мұғалімге үзіліс кезінде тәртіпке көмектеседі. 

5. Оқушылар баспалдақта өте мұқият болулары тиіс (баспалдақта жүгіруге, ойындар ұйымдастыруға, топталып тұруға тыйым салынады) 

6. Оқушылар әжетхананы ұқыпты, таза, жеке бастың тазалығын сақтай отырып пайдаланулары қажет.  

Сабақ кезіндегі тәртіп 

1. Сабақта оқушының, мұғалімнің сыртқы киіммен отыруына тыйым салынады.

 2.  Сабаққа ата-аналар, бөгде адамдар мектеп директорының рұқсатымен жіберіледі.

 3. Мектепке өткір, үшкір, кесетін, иісі жағымсыз және басқа да қауіпті, сабаққа қатысы жоқ заттарды әкелуге тыйым салынады.

  4. Мектеп ауданында темекі шегуге, балағат сөздер айтуға, шекілдеуік шағуға, құмар ойындарды ойнауға, сабақта –плеер тыңдауға, ұялы телефон қолдануға, кез келген мәселені,қарым-қатынасты күшпен және тіл тигізіп, қорлау арқылы шешуге тыйым салынады. 

5. Оқушылар сабаққа кешікпеуі тиіс.

 6. Оқушы сабақтан өз еркімен шыға алмайды, тек жедел жағдайда мұғалімнің рұқсатымен шығуға мүмкіндік алады. 

7. Дене тәрбиесі сабағынан босатылған оқушылар міндетті түрде сабақта отырулары қажет.

 8. Сабақ уақытында дәлізде жүруге қатаң тыйым салынады. 

9. Ауыздағы сағыз – мәдениетсіздіктің белгісі, мектепте сағыз шайнауға болмайды.  

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив